Батыс Қазақстанда киік еті қайта өңделеді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстанда киік еті қайта өңделеді

Батыс Қазақстанда киік еті қайта өңделеді

ет комбинаттары Жаңақала, Жәнібек, Казталов аудандарында, сондай-ақ, Бәйтерек ауданында орналасқан.

  • 4 Шiлде 2025
  • 7
Фото - Caravan.kz

Батыс Қазақстан облысында алты ет комбинаты киік етін өңдеуге дайын, олардың ішіндегі ең ірісі Орал қаласында орналасқан, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалған ет комбинаттары Жаңақала, Жәнібек, Казталов аудандарында, сондай-ақ, Бәйтерек ауданында орналасқан.

Жақын арада өңірде киік санын реттеу жұмыстары басталады, жалпы киік басының 20 пайызын алу жоспарланып отыр, бұл — 460 мың жануар. Аулауға «Охотзоопромның» төрт бригадасы жауапты болмақ.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі барлық мемлекеттік стандартты бекітті. Біз консервілерді қайта өңдеп, оларды дүкендерде сата аламыз. Қажет процедуралар орындалды», — деді Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов.