“46 градусқа дейін аптап ыстық”: Демалыс күндері ауа райы қандай болады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.01
  • 557.87
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“46 градусқа дейін аптап ыстық”: Демалыс күндері ауа райы қандай болады

“46 градусқа дейін аптап ыстық”: Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Қазгидромет 5, 6, 7 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.

  • 4 Шiлде 2025
  • 15
Фото: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Атмосфералық фронтальды бөліктер өтуіне байланысты Қазақстанның көп бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 5 шілдеде республиканың солтүстігінде, 5-6 шілдеде шығысында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл соғады.

Тек республиканың оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ел бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.

«5 шілдеде еліміздің шығысында күндіз 40-42°С-қа дейін қатты ыстық, оңтүстігінде 45-46°С-қа дейін қатты ыстық, оңтүстік-шығысында 40-45°С ыстық болады. Қалған өңірлерде ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді», — деп жазылған хабарламада.