Бірінші АЭС-ке білікті кадрлар дайындау қарқынды жүргізіліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бірінші АЭС-ке білікті кадрлар дайындау қарқынды жүргізіліп жатыр

Бірінші АЭС-ке білікті кадрлар дайындау қарқынды жүргізіліп жатыр

Елімізде салынатын бірінші атом электр стансасына білікті кадрлар дайындау қарқынды жүргізіліп жатыр.

  • 8 Шiлде
  • 6
ФОТО: kaz.inform.kz

Бұл жайында Атом энергиясы жөніндегі агенттіктен мәлім етті, деп жазды Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

— Консорциум көшбасшының міндетіне қызмет көрсетуші персоналдарды дайындау кіреді. АЭС пайдалану үшін шамамен 2 000 адам, оның ішінде ядролық мамандық бойынша 400 адам қажет. Ал қалғандары — бізде жұмыс істеп тұрған көмір және газ электр стансаларында еңбек ететін бейінді-техникалық мамандар. Ядролық мамандықтар бойынша қызметкерлерді дайындауға келер болсақ, қазіргі уақытта физикамен, энергетика және электртехникасымен байланысты 18 білім бағдарламасы бойынша білікті кадрларды дайындау қарқынды жүргізіліп жатыр, — деді агенттіктен.

Ведомство мәліметінше, отандық Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, сонымен қатар ядролық технология маманданған шетелдік жетекші ЖОО-ларда мамандар даярлау қолға алынған. Ядролық мамандықтар бойынша білім гранттар санын арттыру қажеттілікке қарай жүзеге асырылады. Сонымен қатар білім алып жатқан жас мамандар жұмыс істеп тұрған АЭС-терде тәжірибе жинақтап, тағлымдамадан өтеді. 

Перейти к новостям спорта