10 мыңнан аса талапкер грант конкурсына қатысу үшін құжат тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
10 мыңнан аса талапкер грант конкурсына қатысу үшін құжат тапсырды

10 мыңнан аса талапкер грант конкурсына қатысу үшін құжат тапсырды

13 шілдеде білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау кампаниясы басталды

  • 14 Шiлде
  • 4
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қабылдау 20 шілдеге дейін жүргізіледі.

— Бірінші күннің қорытындысы бойынша 10 мыңнан астам талапкер грант конкурсына қатысуға ниет білдіріп, өтініштерін жіберді. Ең көп өтініш «Педагогикалық ғылымдар» және «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» бағыттарына берілді, — делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, биыл құжаттарды egov.kz порталы арқылы онлайн немесе жоғары оқу орындарындағы қабылдау орталықтары арқылы (кез келген жақын орналасқан ЖОО-да) тапсыруға болады.

Атап өтсек, грант конкурсына қатысу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификатын; 3×4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері үшін диплом) тапсыру керек. Сондай-ақ жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынылады.

Перейти к новостям спорта