Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Аукцион 15 тамыз күні сағат 10.00-де басталады.
Саудаға қойылған лоттар:
- Әшекей бұйымдар (бижутерия) — 15 дана, бастапқы бағасы — 139 100 теңге;
- Сувенирлік монеталар мен қаламдар — 32 дана, бастапқы бағасы — 8 640 728 теңге;
- Былғары белдік пен қару түрлері — 26 дана, бастапқы бағасы — 6 118 847 теңге.
— Активтердің жалпы бастапқы құны — 14 898 675 теңге. Аукционға қатысу үшін E-Qazyna платформасында тіркеліп, кепілдік жарнаны енгізу және өтінімді белгіленген мерзімде тапсыру қажет, — делінген хабарландыруда.