Жұма күні, 25 шілдеде Астана соты Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша үкім шығарады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«П. Қайрат пен Ғ. Алашбаева ісі бойынша үкім 25 шілдеде сағат 15:00-де жарияланады», – деп мәлімдеді сотта.
Еске салайық, кеше Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты сот процесі қайтадан жабық режимге ауыстырылған болатын.