Қазақстанда көлік бағасы ЕАЭО елдері арасында рекордтық деңгейде көтерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда көлік бағасы ЕАЭО елдері арасында рекордтық деңгейде көтерілді

Қазақстанда көлік бағасы ЕАЭО елдері арасында рекордтық деңгейде көтерілді

2025 жылдың маусым айында Қазақстанда автокөлік өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,6%-ға қымбаттады. Бұл ЕАЭО елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш

  • 31 Шiлде
  • 15
ФОТО: freepik.com

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Зерттеуге сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың басқа мемлекеттерінде бағаның өсуі айтарлықтай төмен болды. Мәселен, Ресейде автокөлік бар болғаны 1,4%-ға, Қырғызстанда – 0,2%-ға қымбаттады, ал Армения мен Беларусьте 2024 жылдың маусымымен салыстырғанда көлік бағасы төмендеді. ЕАЭО-да орташа өсім 2,2%-ды құрады.

Қазақстанда 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында автокөліктер 9,3%-ға қымбаттаса, Ресейде 2,8%-ға қымбаттады. Одақтың басқа елдері айтарлықтай өзгерістерді тіркеген жоқ.

Біз жаңа көліктер құнының күрт өскенін байқап отырмыз. Олар бір жыл ішінде 21,3%-ға қымбаттады. Сонымен бірге ескі көлік бағасы төмендеді, — деп атап өтті Бірінші кредиттік бюро.

Сонымен қатар Қазақстанда ЕАЭО елдері арасында азық-түлік емес тауарлар мен қызметтер бағасы ең көп қымбаттаған. Ал азық-түлік тауарларының бағасы бірқалыпты өскен, тіпті одақтық орташа деңгейден төмен болды.

Перейти к новостям спорта