Мемлекеттен қалай 1,5 миллион теңге алуға болады? Еңбек министрлігі түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттен қалай 1,5 миллион теңге алуға болады? Еңбек министрлігі түсіндірді

Мемлекеттен қалай 1,5 миллион теңге алуға болады? Еңбек министрлігі түсіндірді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Екінші лекте 4 873 адамға грант беру жоспарланып отыр. Г

  • 31 Шiлде
  • 5
Фото:depositphotos.com

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Екінші лекте 4 873 адамға грант беру жоспарланып отыр. Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, мақсаты — жаңа бизнесті бастау және дамыту.

Өтініш беру үшін мына қадамдарды жасау қажет:

  • business.enbek.kz порталында тіркелу;
  • Грант алу шарттарына сәйкестігіне тексерістен өту;
  • Бизнес жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу;
  • Өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.

Интернет немесе компьютер болмаған жағдайда, мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтініш беруге болады.

Грант алу үшін бірнеше шартты сақтау қажет:

Грант алуға:

  • тіркелген жұмыссыздар;
  • жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін) үміткер бола алады.

Үміткер мына әлеуметтік санаттардың бірінен болуы керек:

  • мүгедектігі бар адамдар;
  • қандас мәртебесі бар адамдар;
  • өңіраралық қоныс аударушылар
  • аз қамтылған отбасы мүшелері;
  • көпбалалы отбасы мүшесі (жұбайы/зайыбы);
  • мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы);
  • асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.

Нені ескеру керек?

  • Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқығаны туралы 3 жылдан аспайтын мерзімде берілген сертификаты болуға тиіс.
  • Грантты қажет құрал-саймандарды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, мал, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды сатып алуға, орын-жайларды жалға алу ақысын төлеуге алуға болады.
  • Грант кредитті өтеуге, тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді.

Гранттарды Еңбек мобильділігі орталықтары грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі аудандық/қалалық комиссияның шешімі негізінде береді.

Перейти к новостям спорта