Алматыда ғарышкер Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ғарышкер Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр

Алматыда ғарышкер Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр

Алматыдағы Офицерлер үйінде ғарышкер Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр

  • 6 Тамыз
  • 7
Фото: Tengrinews.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қоштасу рәсімі таңғы сағат 09:00-де басталды.

Қоштасу рәсіміне Талғат Мұсабаевтың туыстары, жақындары, әріптестері мен достары, сондай-ақ мемлекеттік және қоғам қайраткерлері жиналды.

Одан кейін 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында митинг өткізу жоспарланған. Мұсабаев Кеңсай зиратына жерленеді.

Фото Tengrinews.kz ©/Никита Данилин

Ғарышкер Талғат Мұсабаев 4 шілде күні 74 жасында өмірден өтті. Ол 1951 жылдың 7 қаңтарында Алматы облысы Жамбыл ауданы Фабричный ауылында дүниеге келген. Мұсабаев – Қазақстанның Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасы авиациясының генерал-лейтенанты, техника ғылымдарының докторы. Ол ғарышқа үш рет ұшып, барлығы 341 тәулік, 9 сағат 46 минут болған. Барлық ұшулар барысында Мұсабаев сегіз рет ашық ғарышқа шыққан, бұл 43 сағат 46 минутқа созылған.

Перейти к новостям спорта