Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Prosports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«АҚШ-қа ұшып барамын. Қарашадағы жекпе-жекке дайын боламын! Адаместің соңғы мүмкіндіктері қалды. Егер ол келіспесе, мен белбеулерімді басқа боксшылармен қорғаймын! Сондықтан оған және оның менеджерлеріне — уақыттарың өтіп жатыр!» — деп жазды Әлімханұлы X әлеуметтік желісінде.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы кейінгі жекпе-жегін 5 сәуірде Астанада өткізіп, француз Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.