Көркем гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.63
  • 583.22
-5 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көркем гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар анықталды

Көркем гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар анықталды

20-24 тамыз аралығында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында көркем гимнастикадан әлем чемпионаты өтеді.

  • 15 Тамыз 2025
  • 61
Фото: Olympic.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, Қазақстан құрамасы бұл дүбірлі додада жекелей және топтық жаттығуларда өнер көрсетеді.

Жекелей сында Айбота Ертайқызы мен Айым Мейіржанова бақ сынайды.

Ал топтық жаттығуларда Аида Хакімжанова, Айзере Кеңес, Жасмин Жүнісбаева, Кристина Чепульская, Айзере Нұрмағамбетова және Мадина Мырзабай жүлде үшін сынға түседі.