"Орамалдағылар "тозақтың отында жанасың" деп жазады" - Жақында хиджабын шешкен блогер - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Орамалдағылар "тозақтың отында жанасың" деп жазады" - Жақында хиджабын шешкен блогер

"Орамалдағылар "тозақтың отында жанасың" деп жазады" - Жақында хиджабын шешкен блогер

Жақында хиджабын шешіп үлкен сынға қалған блогер Ерғазы Әйгерім "орамалдағылар" ауыр сөздер жазатынын айтты.

  • 20 Тамыз
  • 68
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram-дағы stories-де айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Оқырмандарымен болған сұрақ-жауап кезінде оқырманы блогерге «Алла сенің жазаңды береді. Алланың қаһарына ұшырайсың», — деп жазған.

«Мен мына нәрсені түсінбеймін. Менің орамалдағы әпкелерім «Субханаллах! Алламен ойнаған екенсің. Алланың қаһарына ұшырайсың. Айдап жүрген көлігіңмен аударылып кетуің мүмкін. Тозақтың отында жанасың» десе былай қарап тұрамын. Неге осылар Алланың атымен сөйлейді екен деймін. Орамалдағы емес, намаз оқымайтындар айтса түсінемін. Олар дінді түсінбейтін шығар деймін. Біздің мұсылмандығымыз қайда? Бір-бірімізге қолдау көрсетпейміз бе? Орамал шешіп, қатты күнәһар болып кеттім делік. Сен періште екенсің. Мен үшін неге дұға ете алмайсың? Мұсылманның қаруы дұға емес пе? Неге сен мен үшін дұға ете алмайсың? Мені неге таптап, езуің керексің? Ауыр сөздер айтып мұсылман мұсылманды неге езу керек? Мен сол нәрсені түсінбеймін. Сондықтан солай жазған жамағаттан әрине көңілім қалады. Өйткені, менің көзқарасымдағы жамағат мүлдем басқа», — деп жауап берді блогер.

Перейти к новостям спорта