Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлыбританияға аттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлыбританияға аттанды

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлыбританияға аттанды

Назым Қызайбай бастаған Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлыбританияға аттанды.

  • 22 Тамыз
  • 51
Фото: Бокс федерациясының баспасөз қызметі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

4-14 қыркүйек аралығында Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталады. 

Осы ретте Қазақстан әйелдер құрамасы жолға шықты.

Бастапқыда команда кеңейтілген құрамда Шеффилд қаласында халықаралық оқу-жаттығу жиынына қатысады. Ал, 4-14 қыркүйек аралығында Ливерпульдегі әлем чемпионатында бақ сынайды.

Әлем біріншілігінде ел намысын қорғайтын бұрымдылардың қатарында үш дүркін әлем чемпионы, ұлттық құраманың капитаны, 48 келіде өнер көрсететін Назым Қызайбай да бар. Ол әлем чемпионатында тарихи нәтиже көрсетуге ұмтылмақ.

Еске сала кетейік, әлемдік додаға келесі боксшылар қатысады:

  • 51 келі — Алуа Балқыбекова
  • 54 келі — Элина Базарова
  • 57 келі — Карина Ибрагимова
  • 60 келі — Виктория Графеева
  • 65 келі — Аида Әбікеева
  • 70 келі — Наталья Богданова
  • 75 келі — Надежда Рябец
  • 80 келі — Гүлсая Ержан
  • Аса ауыр салмақ — Елдана Тәліпова

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера