Теннисші Елена Рыбакина US Open турнирінің үшінші айналымына өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 501.02
  • 597.27
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теннисші Елена Рыбакина US Open турнирінің үшінші айналымына өтті

Теннисші Елена Рыбакина US Open турнирінің үшінші айналымына өтті

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан US Open-2025 турнирінің үшінші айналымына өтті.

  • 28 Тамыз 2025
  • 33
Фото: ҚТФ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Федерацияның мәлімдеуінше, екінші айналымдағы кездесуде қазақстандық спортшы Чехиядан барған 18 жастағы Тереза Валентованы екі сетте 6:3, 7:6 (9:7) есебімен жеңді.

Матч 1 сағат 41 минутқа созылды. Осы уақытта Рыбакина төрт эйс жасап, екі қос қателік жіберді және жеті брейк-пойнттың төртеуін тиімді пайдаланды.

Келесі кезеңде Рыбакина 2021 жылғы US Open чемпионы, ұлыбританиялық Эмма Радуканумен кездеседі.