Қасым-Жомарт Тоқаев бейбітшілікті нығайтуға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қасым-Жомарт Тоқаев бейбітшілікті нығайтуға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев бейбітшілікті нығайтуға шақырды

1991 жылғы 29 тамызда Семей ядролық сынақ полигоны ресми түрде жабылды. Осыған байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жолдады

  • 29 Тамыз
  • 13
ФОТО: Ақорда

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы әлеуметтік желідегі X парақшасында бүгін, 2025 жылғы 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні екенін еске салды.

«Бұл атаулы күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасымен бекітті. Халқымыз атом қаруын сынаудан қатты зардап шекті. Мұндай қасірет қайталанбауға тиіс. Біз кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін бейбітшілікті нығайтып, халықаралық әріптестікті дамыта түсуіміз керек. Ядролық қарудан және сынақтардан біржола бас тартуға күш салуымыз қажет. Бейбітшілік пен қауіпсіздік – бүкіл адамзатқа ортақ ең басты құндылықтар», – деп жазды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің X парақшасында.

Перейти к новостям спорта