Бокстан әлем чемпионаты: 7 қыркүйекте бес боксшымыз ел намысын қорғайды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.75
  • 586.77
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бокстан әлем чемпионаты: 7 қыркүйекте бес боксшымыз ел намысын қорғайды

Бокстан әлем чемпионаты: 7 қыркүйекте бес боксшымыз ел намысын қорғайды

7 қыркүйекте бокстан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бес қазақстандық боксшы ел намысын қорғайды.

  • 7 Қыркүйек 2025
  • 21
Фото: Olympic.kz

Күндізгі бағдарлама Астана уақытымен 15:00-де басталады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

55 келіге дейінгі салмақта Махмұд Сабырхан мексикалық Брайан Ортиспен жұдырықтасады.

80 келіге дейінгі салмақта Париж-2024 Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай Матвей Ражбамен (Украина) кездеседі.

Кешкі бағдарлама Астана уақытымен 22:00-де басталады

Карина Ибрагимова (57 келіге дейін) өзінің әлем чемпионатындағы екінші жекпе-жегін Элис Глинға (Ұлыбритания) қарсы өткізеді.

70 келіге дейін Наталья Богданова үндістандық Санамача Чокчоммен қолғап түйістіреді.

Ал 65 келіге дейінгі салмақта Ертуған Зейнуллиновтың алғашқы қарсыласы Уго Грау (Франция).