Махмұд Сабырхан бокстан әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Махмұд Сабырхан бокстан әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды

Махмұд Сабырхан бокстан әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

  • 7 Қыркүйек 2025
  • 22
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

2023 жылғы әлем чемпионы Махмұд Сабырхан 55 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.

Отандасымыз алғашқы жекпе-жегінде Брайан Ортиспен (Мексика) қолғап түйістірді. Нәтижесінде, Махмұд Сабырхан еш қиындықсыз 5:0 есебімен жеңіске жетті.