Әңгіме зейнетақы жинағын қолдануға қатысты. Жинағында жеткілікті шектен асатын қаражаты бар азаматтар оны тіс емдеуге де пайдалана алатын, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
2025 жылдың 15 қыркүйегінен бастап 2026 жылдың 15 сәуіріне дейін Отбасы банкі арқылы тіс емдеуге зейнетақы қаражатын пайдалану уақытша тоқтатылады.
Бұған себеп — аталған бағыттағы жаппай алаяқтық пен құжаттарды қолдан жасау фактілері.
Отбасы банк 2021 жылдан бері еnpf-otbasy.kz платформасы арқылы стоматологиялық қызметке 757 млрд теңгеден астам қаржы аударылғанын хабарлады. Соның 222 млрд теңгесі ТОП-20 клиникаға бағытталған. Тек Атыраудағы бір клиникаға 22,9 млрд теңге аударылған.
Алаяқтық схемалар анықталды:
— Бір адам 11 рет өтініш беріп, 32,6 млн теңге алған.
— Басқа бір азамат 27 рет өтініш беріп, 13,1 млн теңге аудартқан.
— Бір емдеу жоспарына бірдей 3D суреттер тіркелген.
— Жалған ДКҚ, жалған қол, мөр, жалған келісімшарттар жасалған.
— Кейбір клиникалар лицензиясыз, тіпті тіркелмеген заңды тұлғалар болып шықты.
Құжаттарды қолдан жасау деректерін банк медициналық ұйымдармен тексеру арқылы анықтаған.
Енді тіс емдеуге өтініш беру 2025 жылдың 15 қыркүйегіне дейін жалғасады, бұрын берілген өтініштер қолданыстағы тәртіппен қаралады.
15 қыркүйектен кейін өтініштер қабылданбайды.
Дегенмен, бұл уақытша шара деуге болады. Өйткені Отбасы банк БЖЗҚ қаражатын тіс емдеуге пайдалану үшін өтінім қабылдау қашан басталатынын қосымша хабарлаймыз депті. Бұл аралықта мемлекеттік органдармен бірге алаяқтықтың алдын алуға арналған жаңа жүйе әзірленеді.