"Телефон беріп, балаңыздың балалық шағын ұрламаңыз": Дина Төлепберген көпке үндеу жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 439.37
  • € 498.6
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Телефон беріп, балаңыздың балалық шағын ұрламаңыз": Дина Төлепберген көпке үндеу жасады

"Телефон беріп, балаңыздың балалық шағын ұрламаңыз": Дина Төлепберген көпке үндеу жасады

Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген көпшілікке үндеу жасап, ел назарын өзіне аударды.

  • 30 Қыркүйек
  • 6
Фото: Instagram/dina_tolepbergen

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Оның айтуынша ол күні бүгінге дейін ұлдарына смартфон телефон ұстатпаған.

«Мына видеоны сториске түсіріп ем. Көпшілігіңіз лентаға да салып қоюымды сұрадыңыз. Менің екі ұлымда да осындай телефон. Экраны бар, интернетке осылған айфон, андройттарды бермеймін. Өйткені миы мен жүйке жүйесінің жұқарғанын қаламаймын.

Телефонмен туған, телефонмен тамақ жеген, телефонмен туалетке де баратын балалардан өзім қорқамын, шынын айту керек. Шексіз контенттің кесірін біз әлі толық білмейміз. Бірақ оның арты жақсылыққа апармайтыны анық. Сондықтан қарызға батып қымбат телефон алудың дым қажеті жоқ. Сіз жоқ деп айта алсаңыз, бала да ақыры жоқ дейді.

Мына видеода соңғы бір сөзім жазылмай қалыпты. Айтқаным: “телефон беріп, балаңыздың балалық шағын ұрламаңыз!”, — деп жазды ол.