Қазақ қоғамындағы көзқарас: Әйелдің құндылығы тек бала сүюмен өлшенбейді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ қоғамындағы көзқарас: Әйелдің құндылығы тек бала сүюмен өлшенбейді

Қазақ қоғамындағы көзқарас: Әйелдің құндылығы тек бала сүюмен өлшенбейді

Қазақ қоғамында бала туу мен тәрбиелеу ең басты құндылық болып саналады. Дегенмен, осы мәңгілік құндылықтың көлеңкесінде әр алтыншы отбасы бедеуліктен зардап шегіп келеді.

  • 15 Қыркүйек
  • 21
Фото: almatymuseumofarts

«Менде бала жоқ» деп айту әйел үшін жүректегі жарасын жұртқа ашқанмен тең. Caravan.kz медиа порталы сарапшылардың пікіріне сүйеніп, қоғамдағы бедеулікке қатысты көзқарасты зерттеп көрді.

Бала көтере алмау тек медициналық мәселе ғана емес, сондай-ақ психологиялық, әлеуметтік және мәдени қырлары бар күрделі құбылыс. 

«Менде бала жоқ». Бұл туралы айту неге қиын?

Қазақстанда әр алтыншы отбасы бедеуліктен запдап шегуде, деп жазды Ayel арнасы. Жеті жыл бұрын «бедеулік» диагнозымен есепте тұрғандар саны 10 мың болған. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш үш есеге артыпты. Статистика қорқынышты көрінуі мүмкін, алайда, сарапшылар бұл өсімнің себебі бар дейді. Мысалы 2021 жылы «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама 2026 жылға дейін жыл сайын 7000 ЭКО квотасын бөлуді көздейді. Бағдарлама іске қосылған алғашқы жылы шамамен 1,5 мың сәби дүниеге келген.

фото: pinterest.com

Баласы жоқтарға қоғамның көзқарасы

ЭКО барлық мәселелерді шешпейді. Көптеген жұп үшін «бедеулік» диагнозы өмірдің бір бөлігі. Олар репродуктологқа кезекке тұрады, анализ тапсырады, қасиетті орындарды да аралайды, овуляция күнтізбесін мұқият қадағалайды. Көп жағдайда балалы болуға жасалған қадамдардың шығыны ай сайынғы  несие төлемінен де асып кетеді. Жұптар балалы болуды армандап, осы жолда қаншама әрекет жасап келеді. Оған қоса қоғамның қысымымен де күресуге мәжбүр. Қоғамда қалыптасып қалған стреотиптер оларға әсерін тигізбейді деп айту қиын. 

Дәстүр бойынша, балалы бола алмағаны үшін әйелге көбірек жауапкершілік жүктеледі.

Аzattyq ruhy келтірген 2024 жылдың ортасындағы ресми статистикаға сәйкес, 29,2 мың адам «бедеулік» диагнозымен есепте тұр, олардың ішінде ерлер саны – 102. 

Осыған қарап, күн сайын қанша әйел «Менде не дұрыс емес?» деп өзін жейтіні белгісіз. 

 Ayel телеграм-арнасы бала мәселесі «қызыл туға» айналған әйелдің оқиғасын жариялады.

«Мен он жыл бойы дәрігерлерге барып, неге жүкті бола алмай жүргенімді анықтауға тырыстым», – дейді Алина. 

«Осы жылдар ішінде «Менде бала жоқ» деген сөзді жиі айтуға тура келді. Әдетте оны сұраққа жауап ретінде айтуға тура келеді. Жауап алған адам тоқтап қалса, жақсы. Бірақ кейде әңгіме жалғасады: «Неге?» «Жасыңыз қанша?» «Дәрігерге бардыңыз ба?»»

Бірінші рет дәрігерге қаралған кезде оған бедеулік диагнозы қойылмаған. Кейбір медициналық деректерде бедеулік диагноз емес, әртүрлі себептерге байланысты ұрықтанудың болмауы деп қарастырылады. 

Алғашында Алина бұл жағдайды жеңіл қабылдағанын айтады. 

«Витамин ішемін, теңізге барып келемін, бәрі де шешіледі» деп ойлаған. Бірнеше жылдан кейін дәрігер оған нақты диагноз қойған. 

«Бедеулік белгісіз генезбен. Белгісіз генез – баланың болмау себебі анықталмаған дегенді білдіреді.

Алинаның айтуынша, «осындай адамдардың тағдыры» классикалық сюжетке ұқсас. Отбасыда бала тәрбиелеу мәдениеті дамыған, туған және күйеу жақтағы барлық туыстар ұрпағын жалғастыруды талап етеді.

«Бір мақсатқа ден қою табиғи реакция. Алайда барлық ниет пен көңілді тек «жүкті болуға» арнаса,, өмірдің мәні жоғалады», – дейді психолог Анастасия Баранова.

«Мұндай жағдайда адамға күнделікті қарапайым қуаныштарды қайтару маңызды, мысалы, серуендеу, саяхаттау, кез келген хобби. Мен клиенттеріме «үш қуаныш нүктесі» әдісін ұсынамын – әр күн сайын емдеу мен жүктілікті жоспарлаумен байланысты емес үш кішкентай жағымды сәтті жазып отыру. Мысалы, таңғы кофе мен кітап, айна алдында билеу, жақын адаммен көңілді әңгіме. Сондай-ақ ақпарат ағынын шектеу маңызды. Форумдарда отыру, басқалардың тәжірибесін оқу, медициналық мақалаларды жинау алаңдаушылықты күшейтеді».

Парадокс – өміріңізге көңіліңіз тола бастағанда, ұрықтану процесі де жеңілірек болуы мүмкін.

«Адамның құндылығы тек бала туу мүмкіндігімен өлшенбейді. Әйелдің көптеген басқа рөлі бар. Мысалы, ол серіктес, маман, дос, шығармашыл, зерттеуші бола алады. Бірінші қадам – өзін тек ана болу мүмкіндігімен байланыстырудан бас тарту. Екінші қадам – эмоцияларды сезінуге мүмкіндік беру: ашу, қайғы, реніш. Үшінші қадам – ішкі тірек табу: психотерапия, қолдау топтары, сізді «диагноз» емес, жеке тұлға ретінде көретін адамдармен қарым-қатынас», — дейді психолог. 

Чайлдфри философиясы

фото: rutube.ru

Қазақстанда чайлдфри бойынша ресми статистика жоқ. Бірақ сарапшылар олардың бар екенін айтады, десе де олардың саналы шешімі демографиялық жағдайға әсер етпейді.

«Ата-ана болу – биологиялық, психологиялық және әлеуметтік факторлардың үйлесімі. Кейбір әйелдер шын жүректен ана болғысы келмейді, бұл «ақау» дегенді білдірмейді. Әркімнің өз жолы мен құндылықтары бар. Заманауи психология таңдауды қолдайды: ата-ана болуды немесе басқа салаларда өзін көрсетуге мүмкіндік береді. Қоғамдық бедеулік – медициналық себептермен емес, өмір салты мен құндылықтармен байланысты. Әйел білім, мансап, саяхат немесе лайықты серіктесті кездестірмегендіктен, аналықты кейінге қалдырады. Психологиялық тұрғыдан бұл – еркіндікті, дамуды және тәуелсіздікті бағалау тенденциясын көрсетеді. Мәселе биологиялық мүмкіндіктер азайып, ана болу тілегі пайда болған кезде ғана туындайды – содан өкініш немесе уақытты өткізіп алу сезімі пайда болуы мүмкін», – дейді Анастасия Баранова.

Айта кетейік, балалардың болмауы елдегі ажырасудың жиі себептерінің бірі. 2023 жылы ресми статистикаға сәйкес, бедеулік салдарынан әр бесінші отбасы ажырасқан. 

«Жұптарға ашық сөйлесу маңызды. Екі серіктес өз сезімдерін айта алуы керек, сыннан қорықпай. Әйел сезімін ашық білдіреді, қолдау іздейді, мәселені талқылайды. Ер адам іштей жабылады, ұят немесе ер адамға  олай болмайды деген қоғамда миф әсер етеді. Ер адамдар психологқа сирек барады. Жұптар үшін ашық диалог пен қолдауда белсенді болу, оқшауланбау өте маңызды», – дейді Анастасия Баранова.

Перейти к новостям спорта