Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Федерацияның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, кортқа алғашқы болып рейтингіде 61-орындағы Юлия Путинцева мен әлемнің 18-ракеткасы Эмма Наварро шықты.
Бірінші партияда Наварро 7:5 есебімен басым түсті. Екіншісінде Путинцева есе қайырды — 6:2. Үшінші, шешуші сетте қазақстандық теннисші тай-брейкте қос бірдей матчболды пайдалана алмады — 6:7 (6:8). Тартысты бәсеке 2 сағат 30 минутқа созылды. Осылайша, АҚШ құрамасы 1:0 есебімен алға шықты. Келесі болып кортқа Елена Рыбакина мен Джессика Пегула шығады.