Backstreet Boys тобының Астанадағы концертіне 12 мың турист келді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Backstreet Boys тобының Астанадағы концертіне 12 мың турист келді

Backstreet Boys тобының Астанадағы концертіне 12 мың турист келді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Кеше "Астана Арена" стадионында әлемге әйгілі Backstreet Bo

  • 22 Қыркүйек
  • 6
ФОТО: Пресс-служба акима Астаны

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Кеше «Астана Арена» стадионында әлемге әйгілі Backstreet Boys тобы өнер көрсетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Концерт группы Backstreet Boys в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2025

Backstreet Boys тобының Астанадағы концерті

© Photo : Пресс-служба акима Астаны

Концертке Германия, Польша, Франция, Түркия, Финляндия, Литва, Эстония, Чехия, Сербия, Грекия, Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан және тағы басқа елдерді қоса алғанда, 45 мемлекеттен 12 мыңнан астам турист арнайы келді.

«Кештің ұйымдастырушысы – «Астана Концерт» компаниясы Total White дресс-кодын жариялап, іс-шараға ерекше бірлік пен стиль берді. Әлеуметтік желілерде #GetReadyWithMe тренді кең таралып, жанкүйерлер балалық шақтағы кумирлерін қарсы алуға қалай дайындалғанын көрсетті», — деп жазылған хабарламада.

Backstreet Boys концерті Астанадағы әлемдік жұлдыздардың кезекті қойылымы ғана емес, елорда тарихына енген ауқымды мәдени оқиғаға айналды.

Әлемдік музыкалық тарихтағы ең табысты поп-топтардың бірі саналатын Backstreet Boys 130 миллионнан астам альбом сатты. Астанадағы концерт олардың әлемдік турнесінің бір бөлігі болды. Ал 2025 жылы топ Лас-Вегастағы әйгілі The Sphere кешенінде рекорд орнатып, бір күннің ішінде 500 мыңнан астам билет сатты.

Перейти к новостям спорта