"Қыз алуға келдіңіз бе, мал алуға ма": Белгілі бағдарламаға танысуға келген жігіттің киімі қатысушылардың ашуына тиді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қыз алуға келдіңіз бе, мал алуға ма": Белгілі бағдарламаға танысуға келген жігіттің киімі қатысушылардың ашуына тиді

"Қыз алуға келдіңіз бе, мал алуға ма": Белгілі бағдарламаға танысуға келген жігіттің киімі қатысушылардың ашуына тиді

Еліміздегі белгілі бағдарламаға танысуға келген Камалладин есімді жігіт киім үлгісі үшін сынға қалды.

  • 22 Қыркүйек
  • 12448
Screenshot

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бағдарлама қатысушылардың бірі үміткердің сыртқы келбетін сынға алды.

«Үйленуге келдіңіз бе? Әлде базарға ма? Күмісай, сен осындай адамға тұрмысқа шыққың келіп жатыр ма? Гүл қайда, сақина қайда? Үстіңдегі киімің не мынау? Досыңнан жейде сұрай алмадың ба», — деді қатысушы.

Ал тағы бір қатысушы үміткердің «қыз алуға емес, мал алғандай келді» деп сынға алды.

«Камалладин, сіз мұнда қыз алуға келдіңіз бе әлде мал алуға келдіңіз бе? Неге дұрыстап киініп шықпайсыз? Шашыңызды жуып келсеңіз болады ғой», — деді қатысушы.

Ал кейбір қатысушылар тіпті «мұнда романтиканың емес, малдың иісі шығып жатыр» деп үміткерді мазақ қылды.

Белгілі болғандай бұл 1 жыл бұрын «Бір болайық» бағдарламасында орын алған жағдай.

Перейти к новостям спорта