Түркістан облысында шаруаларды су үнемдеуге үйрететін «Су мамандары мектебі» құрылады - kaz.caravan.kz
  • $ 439.37
  • € 498.6
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан облысында шаруаларды су үнемдеуге үйрететін «Су мамандары мектебі» құрылады

Түркістан облысында шаруаларды су үнемдеуге үйрететін «Су мамандары мектебі» құрылады

Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Түркістан облысында шаруаларға арналған өңірлік оқу орталығы – «Су мамандары мектебін» құру жобасын жүзеге асырып жатыр

  • 30 Қыркүйек
  • 2
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жоба Еуразиялық даму банкінің «Қазақстанда тұрақты суару жүйесін дамытуға арналған бизнес-экожүйені дамыту» гранттық бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта Түркістан қаласында оқу бөлмелерін дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқыту барысында су ресурстарын тиімді пайдалануға және су үнемдеу технологияларын суару жүйелеріне енгізуді ынталандыруға бағытталған теориялық және практикалық курстар өткізіледі.

Халықаралық және ұлттық сарапшыларды тарту, Қазақстанның жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнату және Орталық Азия елдерімен тәжірибе алмасу жоспарланып отыр.

-Бұл жоба заманауи суару жүйелеріне көшу үшін жағдай жасауға бағытталған. Министрлік жобаны республикалық деңгейде кеңейтпес бұрын бірнеше пилоттық алаңды іске қосу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Түркістандағы өңірлік оқу орталығы облыстық деңгейде іс-шаралар ұйымдастырып, су үнемдеу саласындағы тәжірибе, білім мен технологияларды жинақтау орталығына айналады, – деді «Қазсушар» РМК бас директоры Әнуар Өскенбаев.