Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Әлеуметтік қолдауға құқығы бар жекелеген тұлғалар тізімі жаңа Салық кодексі аясында әзірленген. Оны бекітетін бұйрық кодекспен бірге 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғалардың жекелеген санаттарына кіреді:
- арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушы;
- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушы;
- арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушылар;
- зейнетақы төлемдерін алатын мүгедектігі бар адамдар;
- он сегіз жасқа толмаған жетім бала және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала;
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы;
- әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесіне кіретін ауруы бар тұлға;
- айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар тізбесіне кіретін ауруы бар тұлға;
- екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың тізбесіне кіретін ауруы бар тұлға;
- кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінің тізіміне кіретін ауруы бар тұлға болып табылатын жеке тұлғалар жатады.