Тегіннің қадірі жоқ: Халықтың зейнетақы қорындағы ақшасы бай өмір мен сән-салтанат көзіне қалай айналды? - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тегіннің қадірі жоқ: Халықтың зейнетақы қорындағы ақшасы бай өмір мен сән-салтанат көзіне қалай айналды?

Тегіннің қадірі жоқ: Халықтың зейнетақы қорындағы ақшасы бай өмір мен сән-салтанат көзіне қалай айналды?

Халыққа берілген мүмкіндікті арам пиғылын іске асыруға жұмсаған азаматтар әшкере болды.

  • 23 Қыркүйек
  • 14
Фото - Caravan.kz

Зейнетақы жинақтарына байланысты даулы жағдай ушығып тұр. Caravan.kz медиа порталы жалғастырады. 

Біржолғы зейнетақы төлемдерін стоматологиялық қызметтерге пайдалану тарихы соңғы жылдардағы ең даулы қаржылық жанжалдардың біріне айналды. Қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға және медициналық қажеттіліктеріне арналған жүздеген миллиарды қулық пен айланы жүзеге асыруға жүмсалған. 

Ресми органдар жалған клиникалардан бастап зейнетақы қорының қаражатына сатып алынған премиум көліктер мен жылжымайтын мүлікке дейінгі жаңа деректерді жариялап жатыр.

Схема қалай жұмыс істеген?

Қаржы мониторингі агенттігінің деректеріне сүйенсек, алаяқтар Атырау, Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау және басқа да қалаларда 30-дан астам жалған стоматологиялық клиника ашқан. Яғни, олар тек қағаз жүзінде ғана болған, ғимараттары, жабдықтары, білікті қызметкерлері болмаған. Делдалдар осы ұйымдар арқылы жалған медициналық анықтамалар мен тіс емдеуге арналған өтінімдер рәсімдеп, зейнетақы жинақтарынан қаражат шығарып отырған.

2021 жылдан 2025 жылдың тамызына дейін enpf-otbasy.kz платформасы арқылы стоматологиялық қызметтерге байланысты шамамен 795 424 транзакция жүргізіліп, жалпы сомасы 757 млрд теңгеге жеткен. 

Соның ішінде 222 млрд теңгеден астам қаржы топ-20 стоматологиялық клиникаға бағытталған, олардың көпшілігі Атырау, Алматы және Астанада орналасқан. Тек бір ғана Атыраудағы клиникаға шамамен 22,9 млрд теңге аударылған.

Жекелеген азаматтар бірдей стоматологиялық қорытындымен ондаған өтінім берген. Мысалы, бір клиент 13,1 млн теңге сомасына 27 өтінім берсе, тағы бірі 32,6 млн теңгеге 11 өтінім жасаған. Бір адамның бір ғана клиникада тіс емдеуге 24,7 млн теңге жұмсаған жағдайлар да болған.

Қаражаттың мақсатсыз жұмсалуы

Негізі, зейнетақы қорының қаражаты халықтың болашағын қорғауға арналған. 

Ал делдалдар үшін бай өмір мен сән-салтанат көзіне айналды. Олар тіпті жеке автопарктерін де жинап үлгерген. Атап айтқанда, Mercedes-Benz, BMW, Porsche Taycan, Cadillac Escalade, Toyota Land Cruiser сияқты премиум-класстағы автокөліктер сатып алынған. 

Делдалдардың сыйақысына коммерциялық нысандар, пәтерлер мен жер телімдері де сатып алынған. 

Қаражатты қолма-қол ету үшін 226 «дроппер» пайдаланылған. Делдалдар шығарылған сомадан 10–20% өздеріне алып отырған. Жалпы 200 млрд теңгеден астам қаражат заңсыз шығарылған.

Мемлекеттің реакциясы

Анықталған заңбұзушылықтарға байланысты 2025 жылдың 15 қыркүйегінен 2026 жылдың 15 сәуіріне дейін зейнетақы қаржысын стоматологиялық қызметтерге пайдалану жөніндегі өтінімдер қабылдауы тоқтатылды. Денсаулық сақтау министрлігі БЗТ қаражатын протездеу мен имплантациялауға қолдану мүмкіндігін алып тастайтын бұйрық жобасын әзірледі.

АФМ өздерінің зейнетақы жарналарын алған азаматтарға қылмыстық қудалау қолданылмайтынын мәлімдеді, ал схеманы ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық істер қозғалды. 59 тінту жүргізіліп, 10 адамға қатысты бұлтартпау шаралары қолданылды.

Перейти к новостям спорта