Қазіргі кезде бокс-паркте 17 сауда-кеңсе модулі орнатылды
Қазақстандағы алғашқы бокс-парк Алматы қаласында ашылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына сілтеме жасап.

Қазақстанда алғаш рет бокс-парк ашылады
© Photo : «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы
Бокс-парктің басты ерекшелігі сол, серуен аймағы толығымен теңіз контейнерлерінен жасалған.
«Онда дүкендер, кафе, спорт студиялары, кеңсе мен демалыс орындары ашылады. Қазіргі кезде бокс-паркте 17 сауда-кеңсе модулі орнатылды», — деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ жасыл аллеялар, балалар алаңдары және мәдени іс-шараларға арналған ашық аспан астындағы амфитеатр бар.
1/3
© Photo : «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы
Қазақстанда алғаш рет бокс-парк ашылады
Жаңа серуен аймағы Кешен Төле би көшесі мен Розыбакиев көшесінің қиылысында орналасқан. Жалпы аумағы – 2,7 мың шаршы метр. Бокс-парктің ресми ашылуы 27 қыркүйекте өтеді.
Айта кетері, бұл жобаны жеке кәсіпкер іске асырып отыр. Ол үшін «Almaty Business – 2025» бағдарламасымен 6 процентпен 7 жылға 500 млн теңгенің несиесін алған. Жаңа кешеннен қала бюджетіне жыл сайын шамамен 30 млн теңге салық түседі.