Жыл соңына дейін тексерілетін үш мың мектептің тізімі жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.63
  • 583.22
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл соңына дейін тексерілетін үш мың мектептің тізімі жасалды

Жыл соңына дейін тексерілетін үш мың мектептің тізімі жасалды

Былтыр 2487 мектепте түрлі тексеріс жүргізілді

  • 25 Қыркүйек 2025
  • 13
ФОТО: Пресс-служба акима Павлодарской области

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті жыл соңына дейін мемлекеттік аттестациядан өтетін 3025 мектепті айқындады.

Бұған дейін республика бойынша 1170 мектеп мемлекеттік аттестациядан өткен болатын.

«Осы шаралар білім беру процесіндегі проблемаларды анықтауға, білім беру процесінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындауға бағытталған», — дейді комитет басшысы Серік Әшіров.

Оның айтуынша, былтыр 2487 мектепте түрлі тексеріс жүргізілді. Соның ішінде мемлекеттік аттестаттау, профилактикалық бақылау, шағымдар бойынша жоспардан тыс тексеріс өткізілді. Сол кезде мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының уақтылы аяқталмауы, мектептердің материалдық-техникалық базасының талапқа сай қамтамасыз етілмеуі сияқты фактілер анықталған болатын.

Айта кетері, бақылау шаралары білім беру саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын ғана емес, педагогтердің құқықтарын қорғауды да қарастырады.