Енді үлкен тойларға 200 адамнан артық қонақ шақыруға тыйым салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 482.33
  • 557.57
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Енді үлкен тойларға 200 адамнан артық қонақ шақыруға тыйым салынады

Енді үлкен тойларға 200 адамнан артық қонақ шақыруға тыйым салынады

Ысырапты ысыратын уақыт келді.

  • 25 Қыркүйек 2025
  • 40
Фото: ЖИ

Бұдан былай Өзбекстан халқы үйлену тойына 200 адамнан артық қонақ шақыра алмайды. Өйткені, билік ел аумағында өтетін барлық салтанатты шараларды қатаң қадағалауға алмақ.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы «Информбюро«-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Үкімет қаулысына сәйкес, 2026 жылдан 2030 жылға дейінгі кезең «Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мерзімі» деп жарияланды. Осы аралықта халықты сапалы әрі жеткілікті азық-түлікпен қамтамасыз ету, сондай-ақ орынсыз ысыраптың алдын алу мақсатында жүйелі шаралар қабылданбақ. Яғни, той-томалақтан бастап, барлық дәстүрлі жиындарға жалпы 200-250 адамнан артық қонақ шақыруға тыйым салынады.

Сондай-ақ, ұлттық дәстүрлерге сай келмейтін, артық шығын мен уақытты қажет ететін шоу бағдарламалар өткізуге шектеу қойылмақ. Әрі, жерлеу рәсіміндегі ысырапшылдыққа да жол бермейміз деп отыр.