Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Осы ретте ультрамарафоншы, BasQaru қорының жетекшісі Марғұлан Ермағанбетұлы сумо балуаны Хакухо Сёнің Қазақстанға жасаған сапарының мақсатын түсінбей, сынап жатқандарға жатқандарға жауап берді.
“Спортшы ретінде түсініктеме берейінші.
Көтен құдыретімен алты алашты өзіне қаратқан Джей әпшеден мына көтен айырмашылығы үлкен. Қазір елімізде жүр. Сумо күресінің королі — Мунхбатын Давааджарга. Лақап аты Ақ Феникс. Ұлты монғол болса да бірнеше жыл жапондардың ызасына тиіп келген — 45 рет жеңімпаз, 1000 аса жеңіс.
Алыптардың күресі сумо сойқан күрес. 200 кг дейін болатын салмақтағылардың соқтысын елестетіңіз. Қандай қорқынышты. Бұл жігіт салмағы 150. Таза қара күш пен еңбектің иесі деп қабылдаймын.
Біздің елге танымал қазақ кәсіпкерлері арнайы шақырған. Мақсаттарын нақты білмеймін. Дегенмен, еліміздегі арықтағысы келмейтін семіздікті серік еткендерге арнап жасалынып жатқан шара шығар деп ойлаймын. Ондайларды марафонға тартып көрдім. Енді көтендерін көтере алмайтындар осы спортқа бару керек шығар….”, — деп жазды Марғұлан Ермағанбетұлы.
Бұған дейін спорт журналисі Аслан Қаженов сумо балуанына көрсетіліп жатқан сый-құрметті сынағанын жазған едік. Желі қолданушылары да журналистің пікірін қолдауда. Пікір жазушылардың сөзіне сенсек Хакухо Сёні Қазақстанға танымал кәсіпкерлер Сырымбек Тау мен Жұмабек Жанықұлов шақырған көрінеді.
”Жұмабек пен Сырымбек деген Жапон арқылы нанын тауып жүрген екі байдың жасап жатқаны. Оларға сол елде құрмет керек. Белгілі-ақ. Ал бізге не керек жапон күресі?”, “Иә, түсініксіз жағдай. Намыстары жоқ”, “Сырымбек Таудың досы әрі Жапониямен бизнес жүргізуге көмектесетін адамы”, — деп жазды олар.
Танымал кәсіпкер Сырымбек Тау белсенді түрде саяхаттайды. 78 елге саяхаттаған ол Жапонияға бірнеше мәрте барып, сумо спортына деген қызығушылығын әлеуметтік желідегі парақшасында ашық білдіріп жүр.


