Қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалады? - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалады?

Қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалады?

Қазан айында демалыс күндері мен мерекені қоса алғанда 9 күн демалыс бар

  • 1 Қазан
  • 7
ФОТО: pixabay.com

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда 25 қазанда Республика күні аталып өтеді. Бұл мереке 2025 жылы сенбі күніне сәйкес келеді. Сондықтан ол күннің демалысы 27 қазан, дүйсенбіге ауыстырылады.

Осыған байланысты 5 күндік жұмыс кестесімен еңбек ететін қазақстандықтар қатарынан үш күн – 25, 26 және 27 қазан күндері демалады.

Айта кетейік, қазан айында демалыс күндері мынадай болады:

4, 5 қазан (сенбі, жексенбі);

11, 12 қазан (сенбі, жексенбі);

18, 19 қазан (сенбі, жексенбі);

25, 26, 27 қазан (сенбі, жексенбі, дүйсенбі).

Сондай-ақ, қазан айында кәсіби және өзге де мерекелер – ұлттық және мемлекеттік мерекелер мәртебесі берілмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетін мерекелер бар.

Кәсіби мерекелер демалыс күндері болып табылмайды. Бірақ әріптестеріңізді, таныстарыңыз бен жақын адамдарыңызды құттықтаудың жақсы себебі болып табылады.

1 қазан – Радио күні

5 қазан – Мұғалімдер күні

6 қазан – Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні

10 қазан – Қазақстан кәсіптік одақтарының күні

19 қазан – Құтқарушы күні

19 қазан – Орман шаруашылығы қызметкері күні (қазанның үшінші жексенбісі)

24 қазан – Кітапханашы күні

26 қазан – Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні (қазанның соңғы жексенбісі)

29 қазан – Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні

Перейти к новостям спорта