Алматы облысында екі АЭС салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.63
  • 583.22
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында екі АЭС салынады

Алматы облысында екі АЭС салынады

Екі атом электр станциясы да Жамбыл облысында Балқаштың жағалауында салынады

  • 1 Қазан 2025
  • 3
ФОТО: sputnik.kz

Алматы облысында екі АЭС салынады. Бұл туралы атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Атом электр станциялары Жамбыл ауданында салынады. Сәтқалиевтің айтуынша, екеуі де Балқаш көлінің жағалауында бой көтереді.

«Бірінші алаң — Үлкен. Ал екінші алаң МАГАТЭ талаптарына сай анықталатын болады. Екі атом электр станциясы да Жамбыл облысында Балқаштың жағалауында салынады», — деді Сәтқалиев мәжілістегі брифингте.

Ал үшінші АЭС Абай облысында салынуы мүмкін. МАГАТЭ өз келісімін берді. Бірақ соңғы шешім әлі қабылданған жоқ. Станцияны салатын вендор да анықталмады.