Жаңа оқу жылында 10 мыңнан астам жас педагог жұмысқа қабылданған - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа оқу жылында 10 мыңнан астам жас педагог жұмысқа қабылданған

Жаңа оқу жылында 10 мыңнан астам жас педагог жұмысқа қабылданған

Министрліктің мәліметінше, жастардың мұғалім болуға ынтасы артқан

  • 3 Қазан
  • 6
ФОТО: Официальный сайт СЦК при президенте Казахстана

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

2025-2026 оқу жылында қазақстандық білім беру ұйымдарына 10 мыңнан астам жас педагог жұмысқа қабылданды. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі жазды.

Кешенді шаралардың нәтижесінде жастардың мұғалім болуға ынтасы артқан.

Педагог мамандығы бойынша оқып жатқан студенттердің шәкіртақысы соңғы бес жылда 2 есе көбейіп, жаңа оқу жылынан бастап 84 мың теңгені құрады.

«Биыл 2 мыңнан астам үздік түлек ұстаз мамандығын таңдаған. Бұл – осы жылы оқу бітірген «Алтын белгі» иегерлерінің 23 пайызға жуығы», — дейді министрлік.

Жас педагогтерді қолдау мақсатында педагог-тәлімгерлер мен педагогикалық қызметін жаңа бастайтын жас мамандар үшін арнайы білім беру курстарының бағдарламалары мен әдістемеліктері әзірленген.

Одан бөлек ауылға білікті кадрларды тарту мақсатында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы тұрақты жүзеге асырылып келеді.

Перейти к новостям спорта