”Жертва емес, нағыз психологиялық абьюзер” - Гүлмира Әбіқай Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Жертва емес, нағыз психологиялық абьюзер” - Гүлмира Әбіқай Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі туралы

”Жертва емес, нағыз психологиялық абьюзер” - Гүлмира Әбіқай Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі туралы

Журналист Гүлмира Әбіқай бұрынғы әйелі туралы сұхбат берген Дариға Бадықованың экс күйеуі туралы айтты.

  • 6 Қазан
  • 39
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Лента бетін Бадықованың бұрынғы күйеуі толтырыпты. Көрмейін десем көзім, айтпайын десем аузым бар.
Ерлі-зайыптылардың ұзақ жыл бірге тұрып, ажырасуы жаңалық емес.
Дегенмен, 16 жыл бірге ғұмыр кешкен әйелін бүкіл жұртқа жар салып жамандап, өткенін қазбалап, іш көйлегін ақтару ездік! Тұсауы кеше кесілген премьераға PR дейді бәз-біреулер.
Өмірде екеудің өміріне араласып, ақыл айтуды ұнатпаймын. Ютубтан бұл шығарылымды іздеп көрмейтінім тағы анық.
Бағана бір коммент оқып қалып ем “екі қ@тынның басы бір үйге сыймайды” деген)
Тыңдасаң мынауың жертва емес , нағыз психологиялық абьюзер ғой нағыз.
Ұят болды-ау”, — деп жазды журналист.

Естеріңізге сала кетейік, Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мусаев сұхбат беріп, әйелінің фильмнен кейін миллиард жинағасын қатты өзгергенін айтқан еді.

Перейти к новостям спорта