”Күресті қойды ма”: Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатындағы сәтсіздігінен кейін мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Күресті қойды ма”: Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатындағы сәтсіздігінен кейін мәлімдеме жасады

”Күресті қойды ма”: Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатындағы сәтсіздігінен кейін мәлімдеме жасады

Еркін күрес шебері Жәмилә Бақбергенова спорттағы мансабы туралы мәлімдеме жасады.

  • 10 Қазан
  • 130
Фото: Olympic.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Спортшы боз кілемге оралатын күнді асыға күтіп жүрген көрінеді.

”Әлем чемпионатынан кейін көпшілігі “Жәмилә қайда, күресті қойды ма” деп сұрап жатыр. Менде бәрі жақсы, уайымдамаңыздар. Тек әлем чемпионаты кезінде боз кілемде белдесіп жатқан сәтте шынтағымды жарақаттап алдым. Қазір иығым мен шынтағымды емдеп жатырмын.

Біздің құрама команда мүшелеріне мемлекет тарапынан тегім ем алуға мүмкіндік бар. Дәрігердің бақылауындамын. Дәрігерлерімізге көп рақмет айтамын. Әрдайым қасымызда жүріп, жарақаттарымызды тезірек жазуға бар күшін салып келеді.

Спорт — тек жеңіс емес. Ол — төзім мен ерік-жігердің мектебі. Қазіргі басты мақсатым — толық сауығып, қайта боз кілемге оралу”, — деп жазды ол Instagram желісінде.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың қыркүйек айында Хорватиятың Загреб қаласында өткен әлем чемпионатында 72 келіде өнер көрсеткен Жәмилә Бақбергенова 1/8 финалда қырғызстандық Нурзат Нуртаеваға есе жіберген.

Жәмила Бақбергенова —  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, үш дүркін Азия чемпионы және жүлдегері, 2021 және 2022 жылғы әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера