Оқушылардың күзгі каникулы қашан басталады және қанша күн демалады? - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оқушылардың күзгі каникулы қашан басталады және қанша күн демалады?

Оқушылардың күзгі каникулы қашан басталады және қанша күн демалады?

Қазақстан оқушыларының күзгі каникулы 27 қазан мен 2 қараша аралығында өтеді. Демалыс ұзақтығы – жеті күн. Бұл уақытта мектептерде «Адал азамат» жобасы аясында тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылады

  • 20 Қазан
  • 6
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мәлімдегендей, осы кезеңде мектептерде «Адал азамат» жобасы аясында тәрбиелік іс-шаралар бағдарламасы жүзеге асырылады. Бұл жоба оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытып, патриотизм, әділдік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған.

Бағдарлама аясында мынадай бастамалар қолға алынады:

• «Каникулда кітап оқимыз» акциясы – «Балалар кітапханасы» жобасы шеңберінде;
• «Буллингтен қорған» атты қауіпсіздік сабақтары;
• мектеп театрлары мен шығармашылық үйірмелердің жұмысы.

Күзгі демалыс кезінде оқушылардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады.

Мұғалімдер мен ата-аналарға жолда жүру ережелерін, өрт қауіпсіздігін, интернет пен көшеде өзін ұстау мәдениетін түсіндіретін әңгімелер өткізу ұсынылған.

Перейти к новостям спорта