"Ұлттық қор – балаларға": тұрғын үй мен білім ақысын төлеуге 186 мың өтінім берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ұлттық қор – балаларға": тұрғын үй мен білім ақысын төлеуге 186 мың өтінім берілді

"Ұлттық қор – балаларға": тұрғын үй мен білім ақысын төлеуге 186 мың өтінім берілді

Кәмелетке толмаған 6,9 млн азаматының әрқайсысына $100-ден астам қаражат аударылды

  • 22 Қазан
  • 8
ФОТО: Sputnik.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында тұрғын үй жағдайын жақсартуға және білім беру ақысын төлеуге 186 мың өтінім берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде жалпы сомасы $22,9-дан астам болатын 156 мың өтінім орындалды.

2025 жылы Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған 6,9 млн азаматының әрқайсысына $100-ден астам қаражат аударылды. Бағдарлама кәмелетке толмаған балалар үшін жинақтаушы білім беру капиталын қалыптастырады.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияның 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда жер және барлық табиғи ресурс халыққа тиесілі екені Конституцияда айқын көрсетілгенін атап өтті.

«Осы қағидатты іс жүзінде орындау үшін маңызды шаралар қабылданды. Менің тапсырмаммен «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы әзірленді. Қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының жартысы балалардың арнайы есепшотына жіберілетін болды», — деді президент.

Былтырдан бері Ұлттық қордан 1,5 миллиард доллардан астам қаржы бөлінді.

Перейти к новостям спорта