Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеру ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 495.1
  • 583.72
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеру ұсынылды

Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеру ұсынылды

2025 жылы Қазақстандағы ең төменгі жалақы 85 мың теңге болып белгіленген.

  • 22 Қазан 2025
  • 7
Kazakhstan money - tenge. 500, 1000, 2000, 5000, 10000 banknotes. Close up of tenge on white background. High quality photo

Қазақстанда ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшерін арттыру ұсынылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2025 жылы Қазақстандағы ең төменгі жалақы 85 мың теңге болып белгіленген.
Бүгін Мәжілісте 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы қаралып жатыр. Құжатқа берілген қорытындыда депутаттар ЕТЖ мөлшерін көтеруді ұсынған.

«Әлеуметтік-мәдени даму комитеті (Мәжіліс жанындағы – еск.) ең төменгі жалақыны 85 000 теңгеден 110 000 теңгеге дейін көтеріп, қайта қарау қажет деп санайды», — делінген құжатта.

Ең төменгі жалақы (ЕТЖ) — бұл заңмен белгіленген айлық ең аз еңбек ақысы, яғни жұмыс беруші толық айлық жұмыс үшін қызметкерге осы мөлшерден аз төлемеуі тиіс.