Қазақстанда қамбаға келіп түскен астықтың тең жартысына жуығы жоғары класқа жатпайды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда қамбаға келіп түскен астықтың тең жартысына жуығы жоғары класқа жатпайды

Қазақстанда қамбаға келіп түскен астықтың тең жартысына жуығы жоғары класқа жатпайды

Ауылшаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов 2025 жылы 22 қазанда ОКҚ-да өткен брифинг барысында өткен жылмен салыстырғанда биыл қамбаға екі есе көп астық келіп түскенін айтты. Алайда бидайдың жартысына жуығының сапасы үшінші кластан төмен.

  • 23 Қазан
  • 23
ФОТО: gov.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Спикер алғаш рет жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 1 трлн теңгеге жеткенін атап өтті.

«Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына бөлінген 700 млрд теңгенің 502 млрд теңгесі игеріліп, 9 млн гектар егіс алқабы қамтылды. Егін жинау жұмыстарын қаржыландыру жалғасуда. Оның үстіне 2025 жылдың 1 қазанынан бастап 2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарын ерте қаржыландыру іске қосылды. Жеңілдетілген лизингке бөлінген 250 млрд теңгеге қатысты 8 мыңға жуық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға 253 млрд теңгеге өтінім берілді», деп сөзін толықтырды ол.

Оның айтуынша, маңызды мәселелердің бірі сапалы тұқым материалын уақтылы себу болып табылады және облыс әкімдіктерінің деректері бойынша, 2026 жылғы егінге тұқым қажеттілігі 2,3 млн тоннаны құрайды. Бүгінгі таңда 2 млн тонна немесе қажеттіліктің 91%-ы толықтырылды.

«Республика бойынша астық қоймаларының жалпы сыйымдылығы 30 млн тоннадан астам, оның ішінде жұмыс істеп тұрған, лицензиясы бар астық қабылдау кәсіпорындарында — 13 млн тоннадан астам, АШТӨ-де — 17 млн тоннадан астам. Лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына барлығы 6,7 млн тонна астық келіп түсті, бұл — өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен екі есе көп. Қамбаға түскен жұмсақ бидай көлемінің 54%-ы үшінші класқа, 34% -ы төртінші класқа , 12%-ы бесінші класқа және кластан тыс бидайға жатқызылады. Жалпы, жиын-терім науқаны мәселесі үнемі бақылауда. Барлық мәселелер жедел штаб отырыстарында қаралып, шешіледі», – деді Азат Сұлтанов.

Перейти к новостям спорта