Елена Рыбакина жылдың қорытынды турниріне жолдама алды - kaz.caravan.kz
  • $ 501.02
  • 597.27
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елена Рыбакина жылдың қорытынды турниріне жолдама алды

Елена Рыбакина жылдың қорытынды турниріне жолдама алды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Токио (Жапония) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты. 

  • 24 Қазан 2025
  • 17
Фото: ҚТФ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда рейтингіде 23-орында тұрған канадалық, 19 жастағы Виктория Мбокомен бетпе-бет келді. Бірінші партияда Елена 6:3 есебімен басымдылық танытты. Екінші сетте тай-брейкте Елена Рыбакина есесін жібермеді — 7:6 (7:4).

Осылайша, қазақстандық теннисші WTA чемпиондық кестесінде ресейлік Мирра Андрееваны ығыстырып, 8-орынға көтерілді. Сөйтіп ол үздік сегіз спортшының қатарында қорытынды жарысқа жолдама алды.