Бүгін “Қайрат” Чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазымен кездеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін “Қайрат” Чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазымен кездеседі

Бүгін “Қайрат” Чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазымен кездеседі

Өткен маусымда “Қайрат»”финалға дейін жетіп, “Пальмеге” есе жіберген еді.

  • 30 Қазан
  • 152
Фото - Caravan.kz

Футзалдан “Қайрат” бүгін, 30 қазанда Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі екінші ойынын өткізеді. Алматылық команданың қарсыласы турнирдің екі дүркін жеңімпазы, португалиялық “Спортинг” клубы, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл ойында кім жеңсе де, тіпті матч тең аяқталса да, екі команда да УЕФА Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өтеді.

Матч Қазақстан уақытымен 21:00-де басталады. Кездесуді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Топтық кезеңнің матчтары Хорватияның Макарска қаласында өтуде. Бұл топта “Қайрат” пен “Спортингтен” бөлек, “Ново Вриеме” (Хорватия) және “Приштина” (Косово) клубтары бар.

Еске сала кетейік, алғашқы турда “Қайрат” “Ново Вриемені” 3:2 есебімен жеңсе, “Спортинг” “Приштинаны” 19:1 есебімен ұтты.

Сондай-ақ, Чемпиондар лигасының осы кезеңінде тағы бір қазақстандық “Семей” клубы да ойнап жатыр. Олар 29 қазанда чехиялық “Хрудимді” 9:5 есебімен тізе бүктіріп, турнирді сәтті бастады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера