Қазақстанда салық өтініші жаңа жүйе арқылы тапсырылатын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 499.65
  • 582.89
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда салық өтініші жаңа жүйе арқылы тапсырылатын болады

Қазақстанда салық өтініші жаңа жүйе арқылы тапсырылатын болады

Салық төлеушінің СӘИЖ жаңа кабинеті ел азаматтарына салық өтінішін өткізу мүмкіндігін ұсынады. 4 қарашадан бастап іске қосылатын өзгеріс туралы құзырлы ведомство ескертті

  • 4 Қараша
  • 6
ФОТО: zakon.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа «Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесіне» (СӘИЖ) көшуге байланысты салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды, пайыздар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және (немесе) қайтару жүргізуге байланысты ұсынылатын салық өтініші 2025 жылғы 4 қарашадан бастап Салық төлеушінің жаңа кабинетінде (СӘИЖ СТК) қолжетімді болатынын хабарлайды.

СӘИЖ СТК-не кіру үшін оған мына сілтеме арқылы өтуге болады.

«Сұрақтар туындаған жағдайда қолдау қызметінің knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайына хабарласа аласыз», делінген хабарламада.

Құзырлы мекеме СӘИЖ СТК жүйесінің функционалы іске қосылуына байланысты көрсетілген нысанды ескі СТК арқылы ұсыну мүмкіндігі бұғатталатынын да нақтылайды.

Перейти к новостям спорта