Алматыда қар жауып, бір түнде 17 жол апаты тіркелген - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қар жауып, бір түнде 17 жол апаты тіркелген

Алматыда қар жауып, бір түнде 17 жол апаты тіркелген

Қаза тапқандар жоқ, 6 адам жарақат алған.

  • 5 Қараша
  • 7
Фото - Caravan.kz

Алматыда түні бойы қар жауып, 17 жол апаты болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция департаменті мәліметінше, сағат 18:00-ден таңғы 06:00-ге дейін 17 жол апаты тіркелген. Қаза тапқандар жоқ, 6 адам жарақат алған.

Полицияның ақпаратына сүйенсек, жол апаттарының басым бөлігі қашықтықты, жылдамдықты сақтамау салдарынан болған.

«Барлығын сақ болуға, жылдамдықты азайтуға, кенет маневр жасаудан аулақ болуға шақырамыз», — деді Алматы қаласы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Полиция көлікті қысқы маусымға алдын ала дайындау, жазғы дөңгелектерді қысқыға ауыстыру маңызды екенін жеткізді.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілерге жолдан өтер кезде сақ болуды, жарық шағылыстырғыш элементтерді пайдалануды және жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпеуді еске салды.

Перейти к новостям спорта