"Ташкенттегі чемпионатта қара дуа жасалды": Ардагер боксшы адам сенгісіз жағдайға тап болғанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ташкенттегі чемпионатта қара дуа жасалды": Ардагер боксшы адам сенгісіз жағдайға тап болғанын айтты

"Ташкенттегі чемпионатта қара дуа жасалды": Ардагер боксшы адам сенгісіз жағдайға тап болғанын айтты

Жартылай орта салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық боксшы, Кеңес Одағының чемпионы Нұржан Сманов спорттық мансабында өзіне дуа жасалғанын айтты.

  • 5 Қараша
  • 88
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Turkistan телеарнасының “Құтты қонақ» бағдарламасына сұхбат берген ол Ташкентте өткен Азия чемпионатының финалында өзбекстандық боксшы Нариман Атаевтан не үшін жеңілгенін айтты.

«1995 жылы Ташкенттегі чемпионатқа барғанбыз. Финалға 7 қазақ шығып жатырмыз. Мен команда капитанымын. Шаршы алаңға бесінші шығатынымды білемін. Бірақ қалай шаршы алаңға шыққанымды, қалай бокстасқанымды білмеймін. Жекпе-жектен кейін киім ауыстыратын бөлмеде бетімді жуғанымда ұйқыдан оянып, өзіме келгендей болдым. Сол жерде жанкүйер болып келген ағаларым тұр. Болат Жұмаділовты көріп қалып, “қалай жұдырықтастым” дедім. Ол “жақсы, бірақ ұтылып қалдың” деді. Қалай дедім. Бірінші раундта нокдаун беріпті. Мен ештеңе білмеймін. Марапаттауға қатыстым, кешкн банкет болды. Түнгі 1-де Ташкенттен такси ұстап, Шымкентке қайттым. Үйде түнде финал түсірілген бейнетаспаны арнайы ашып қарап, шошып кеттім. Ол жерде бокстасқан мен емеспін. Мен Нариманмен 3 рет кездескенмін, оның тактикасын білемін. Ешқашан оған жүгірмегенмін. Керісінше, бақылауымда ұстайтынмын. Жекпе-жекті көріп отырып, шошыдым, көңілімнен шықпады, көзімнен жас шығып кетті. Ол кезде дуа дегенді түсінбейміз. Кейін 4-5 күн өткеннен кейін ағам айтып берді. Олар орындықтарға сыймай қалғаннан кейін тұрып тұрған. Сол жерде Қайрат Өтемұратов ағамыз қарап қалса, бір паранджа киіп қалған келіншек бірдеңе істеп отырыпты. Сол кезде неге есімді білгенімді түсіндім. Маған қара дуа жасалғанын білдім. Нариман мені жеңгеннен кейін сол әйелдің қолын сүйгенін Нұрлан ағам көріпті. Мұның барлығын кейін естідім. Ешкімнің басына салмасын, дуа деген жаман нәрсе. Одан кейін міндетті түрде дем салдырып тазару керек. Осы оқиғадан кейін қандай жарысқа барсам да 2-3 ші орындарды алып жүрдім. Чемпион болмадым. Кейін бірінші Алла, екінші ата-апаларымыз дем салып, бабаларымызға зиярат жасап, жолым ашылды», — дейді боксшы.

Нұржан Сманов — Азия чемпионы, Азия ойындарының чемпионы, көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы және жүлдегері, Атлантада өткен жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері (1995).

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера