Осы салада жұмыс істегісі келетін кандидаттардан қазір резюме қабылдау басталды, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Қаржылық сауат телеграм арнасының мәліметінше, келесідей бос орындар жарияланған:
— станциялардың ауысым басшылары;
— станция кезекшілері;
— қозғалыс және орталықтандыру диспетчерлері;
— инфрақұрылым мен жабдықтарды басқару орталығының диспетчерлері;
— байланыс және сигнализация техниктері;
— электр монтерлері;
— жол жөндеу учаскелерінің мастерлері;
— жабдық жөндеуші слесарьлар;
— қойма меңгерушілері.
Олар арнайы оқытыла ма?
Барлық маман жұмыс беруші есебінен оқытылады. Теория және практика Қазақстанда және Қытайда өтеді. Курс ұзақтығы — 4–6 ай. Оқу аяқталған соң халықаралық сертификат беріледі және LRT жүйесіне жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылады. Жұмыс ҚР Еңбек кодексіне сай рәсімделеді.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
— жоғары немесе орта-арнайы білім (көлік, машина жасау, электр техникасы және т.б.);
— кемінде 2 жыл еңбек тәжірибесінің болуы
Резюмені қайда жіберуге болады?
Резюмені cts.gov.kz сайтына жүктеу керек.
Анықтама телефоны: +7 (7172) 577 177 (ішкі 102, 207).