”Қайрат”-“Арсенал” матчы: Билет бағасы белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Қайрат”-“Арсенал” матчы: Билет бағасы белгілі болды

”Қайрат”-“Арсенал” матчы: Билет бағасы белгілі болды

Лондонда өтетін “Арсенал” – “Қайрат” матчына ең қымбат билет шамамен 58 мың теңгеге жетеді.

  • 11 Қараша
  • 146
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы англиялық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

2026 жылғы 29 қаңтарда Лондонда жергілікті “Арсенал” алматылық “Қайратты” қабылдайды. УЕФА Чемпиондар Лигасының соңғы, 8-ші турындағы ойын “Эмирейтс” стадионында өтеді.

“Арсеналдың” баспасөз қызметі жариялаған ақпаратқа сенсек, матч билеттерінің бағасы 44,8-тен 84 фунтқа дейін, яғни шамамен 30–50 мың теңге аралығында болмақ. Билеттерге алдын ала тапсырыс беру 21 қарашада басталады.

Ал “Қайрат” командасының Чемпиондар Лигасындағы Мадридтік “Реал”мен Кипрдің “Пафосына” қарсы үйдегі матчтарының билетті 30 мың мен 250 мың теңге аралығында болған еді.

Айта кетейік, “Арсенал” Чемпиондар Лигасының кестесінде 12 ұпаймен алдыңғы қатарда болса, “Қайрат” бір ұпаймен 34-орында тұр. Алайда алматылық команданың “Интерге” қарсы матчта көрсеткен табандылығы мен жігері олардың түрлі тосынсыйға дайын екенін көрсеткендей.

Перейти к новостям спорта