Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының м.а. Ермек Шәкім интернет-алаяқтықтың жағдайын баяндады.
Ең жиі кездесетін алаяқтық тәсілдері: банк қызметкері болып хабарласу, алдын ала төлем талап ету, инвестицияға шақыру, танысы ретінде ақша сұрау және ұтыс ойындары арқылы алдау.
Полиция қызметкерлері жыл басынан бері көпэпизодты қылмыстарға қатысы бар азаматтарды анықтады. Сауран ауданының тұрғыны 26 онлайн несие рәсімдеу жайтына, Мақтаарал ауданының тұрғыны 8 еңбекке орналастыру жайтына, ал Шымкент қаласының тұрғыны 4 жұмысқа тұрғызу дерегіне қатысы бар екені анықталды.