"Біреудің байын біреу тартып алады, байы шығады мүләйімсіп": Блогер өнер адамдарының жеке өмірін жалпақ жұртқа жариялауын доғаруды сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Біреудің байын біреу тартып алады, байы шығады мүләйімсіп": Блогер өнер адамдарының жеке өмірін жалпақ жұртқа жариялауын доғаруды сұрады

"Біреудің байын біреу тартып алады, байы шығады мүләйімсіп": Блогер өнер адамдарының жеке өмірін жалпақ жұртқа жариялауын доғаруды сұрады

Әнші Меруерт Түсіпбаева өзінің желідегі парақшасында блогердің өнер адамдарына қатысты талабын жария етті.

  • 26 Қараша
  • 37
Instagram/Меруерт Түсіпбаева

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әнші блогердің жанайқайымен желідегі парақшасында бөлісті.

«Бізде мәдениет саласында жүрген әртістер, әншілер болсын, бұл бір қиямет, сұмдық болып кеткен. Біреу біреудің байын тартып алады, біреу біреудің үстінен жүріс жасайды.

Біреуі бесінші қатын болып тиеді, біреудің байы шығады мүләйімсіп, біреудің қатыны шығады мүләйімсіп. Осы өнерде жүрген адамдар, осы мәселені тоқтатасыңдар ма, жоқ па?

Келе жатқан жастар, балалар, ұрпақтар бар. Бұл не тәрбие? Бұл не бетбақтық? Келіннің орны бар, күйеу баланың орны бар. Ата-ененің өз орны бар.

Бұл біздің тарихи дәстүріміз. Бірақ о заманда, бұ заман, соны желіге шығарып, оны көрсету не сұмдық? Әр отбасының өз проблемасы болады. Ол жерге 1000 пікір жазады, соны жазып отырғанша, басқа нәрсемен айналыспайсыңдар ма? 2-3 жерде жұмыс істеңдер, есік алдындағы қарды тазартыңдар», — деді ол.

Перейти к новостям спорта