АЭС маңындағы тұрғындарға экологиялық өтемақы төлене ме - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АЭС маңындағы тұрғындарға экологиялық өтемақы төлене ме

АЭС маңындағы тұрғындарға экологиялық өтемақы төлене ме

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Оның айтуынша, Үлкен ауылында шамамен 1700 адам тұрады.

  • 27 Қараша
  • 4
Фото: Adobe stock

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, Үлкен ауылында шамамен 1700 адам тұрады. Бұл ауыл Балқаш көліндегі түбекте орналасқан.

— Қазіргі уақытта өтемақы немесе қандай да бір экологиялық төлемдер мәселесі талқыланып жатқан жоқ, өйткені зиян немесе зиянсыз екені жөнінде нақты қорытынды жоқ. Біздің түсінуімізше, Атом энергиясы жөніндегі агенттік экологияға да, тұрғындарға да зиян келтірмейтін заманауи АЭС салу туралы келіссөз жүргізіп жатыр, — деді облыс әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде.

Әкімдік қазір индустриялық аймақты абаттандырумен айналысып жатыр. Ондағы мақсат — АЭС-ке қажетті арнайы білімі жоқ жергілікті тұрғындар сол жерде жұмыс істеп, АЭС үшін тауарлар, жұмыстар, қызметтер өндіріп, оларды кейін жүзеге асыра алатындай мүмкіндік жасау. Сондықтан арнайы индустриялық аймақ құрылады.

— Үлкен ауылының екінші бағыты — туризм. Біз білікті, жоғары жалақы алатын кадрлардың келуімен бірге туризмнің дамуы да өте өзекті болатынына сенеміз. Ол үшін бірнеше туристік аймақтар бар. Сол аймақтарды дамыту жұмыстарын жүргіземіз, — деді Марат Сұлтанғазиев.

Перейти к новостям спорта