Кездесуде облыс әкімінің орынбасары мүмкіндігі шектеулі жандарға ерсі сөйлеп, басы дауға қалған, деп хабарлайды Caravan.kz. медиа порталы.
Әкім орынбасары елді мүмкіндігі шектеулі азаматтарға құрметпен қарап, оларды бірінші тыңдауға шақырғысы келген. Алайда сөзін аса ерсі бастап, елдің ашуына тиген.
«Мүгедектер, енді бұл кісілердің еңсесін түсірмейік, былайша айтқанда и так Алла тағала бұл кісілерге… орысша айтқанда их наказали ғой. Сыйлаймын, сіздер құдайға шүкірсіздер ғой. Осы кісілерді кішкене қабылдасын»,-деген әкім орынбасары.
Бұл сөзді естіген залдағы бірнеше азамат ашуға булыққан. Олар шенеуніктің сөзін өте әдепсіздік деген.